Меню KDT

Администрация школы

Мектеп әкімшілігі мүшелерінің қызметтік міндеттері.
Асанова Лаура Крыкбаевна.   Мектеп директоры
  1. Кадр мәселесін шешеді.
  2. Мектептің оқу-тәрбие, шаруашылық жұмысын басқарады, бақылайды.
  3. Тарификация құрады, табельдің дұрыс жүргізілуін қағалайды.
  4. Педагогикалық кеңесті басқарады.
  5. Оқушылардың оқу құралдарыменқамтамасыз етеді.
  6. Кітапхана жұмысын бақылап, қадағалайды.
  7. Мектептің жұмыс жоспарын жасайды.
  8. Ата-аналар комитетімен жұмыс жүргізеді.
  9. Жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуын қадағалайды.
  10. Мектептің материалдық базасының сақталуын қадағалайды.
  11. Статистикалық есептердің жүргізілуін қадағалайды.
Сейтказиев Жанат Турарович. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
  1. Кадр мәселесін шешуге, орналастыруға қатысады.
  2. Сабақ кестесін жасайды.
  3. Мектептің ішкі еңбек тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. Мектепте адам өмірі қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайды.
  5. Мұғалімдердің айлық жалақы табелін жазады.
  6. Мектепішілік бақылауға қатысады.
  7. Оқу-тәрбие үдерісінің жүргізілуін, оқу жоспарының орындалуын бақылайды.
  8. Директордың орынбасары жанындағы кеңесті басқарады.
  9. Оқушылардың білімін зерделееу, мониторинг жүргізуді басқарады.Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарды бақылайды.
  10. Мектепішілік пән олимпиадаларын ұйымдастырады.
  11. Сынып журналдарының жүргізілуін тексереді.
  12. ОШ-1 есебін жүргізеді.
  13. Мектеп қызметкерлерімен жыл басындағы нұсқаулықтар жүргізеді.
  14. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  15. Қазақ тілі, орыс тілі, тарих, құқық  пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
  16. Оқушылар біліміне аралық, қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады.
  17. Мектептің жылдық жоспарының жасалуы мен жылдық талдауға жауапты.
Сейтказиев Жанат Турарович. Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары
  1. Мектептің әдістемелік жұмысын басқару және ұйымдастырады.
  2. Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын басқару; пән бірлестік жұмысын қадағалау; мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
  3. Мұғалімдердің жаңа технологияларды іс тәжірибесіне енгізу барысын зерделейді, озық тәжірибені насихаттауды жүргізеді.
  4. Мұғалімдерді аттестаттау жұмысына жауапты.
  5. Оқу кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуына жауапты.
  6. Жас мұғалімдер мектебінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
  7. Шығармашылық есеп беруді, ғылыми-теориялық конференцияларды, педагогикалық оқуларды, онкүндіктерді ұйымдастырады және басқарады.
  8. Кәсіби конкурстарды өткізеді.
  9. Мұғалімдердің кәсіби білімдерін көтеру (курс) жұмысын қадағалайды.
  10. Мұғалімдердің әдістемелік басылымдарға жазылуын ұйымдастырады.
  11. РИК-83 статистикалық есебін жүргізеді.
  12. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін диагностикалайды.
  13. Математика, информатика және жаратылыстану пәндерінің оқытылуы сапасын бақылайды, зерделейді.
  14. ОЖСБ-ға дайындық жұмысын қадағалайды.
Толкимбекова Айман Керимбековна. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  1. МАД, бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие үдерісін басқарады, бақылайды.
  2. МАД, бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды.
  3. МАД сыныбы мен 1-4 сынып мұғалімдердің жаңа технологияларды өз іс-тәжірибесіне енгізу барысын зерделейді, озық тәжірибені насихаттайды.
  4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарады. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін диагностикалайды.
  5. Мектепішілік бақылауға қатысады.
  6. Бастауыш сынып оқу кабинеттерінің жүйеленуін бақылайды.
  7. Оқушыларды үйден оқыту және инклюзивті оқытуды қадағалайды.
  8. Мемлекеттік құжаттар мен оқушылардың құжаттарының дұрыс жүргізілуін қадағалайды.
  9. Бастауыш сынып журналдарының талапқа сай жүргізілуін қадағалайды.
  10. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен кеңес жұмыстарын ұйымдастырады.
  11. Білім беру сапасын зерделеу; оқушы білімінің мониторингін жүргізуге қатысады. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарды бақылайды.
  12. «Тіл және әдебиет» пәндерінің оқытылуы сапасын бақылайды, зерделейді.
Иманбеков Жамбыл Борисович. Директордың  бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары
  1. Мектептің жұмыстық оқу жоспарын құрады.  Жоспардың орындалуын  қамтамасыз етеді.
  2. Оқу жоспарының мектеп компонентіндегі сағаттардың жүргізілу сапасын бақылайды.
  3. Бағдарлы сыныптардағы қолданбалы курстың оқытылуына басшылық жасайды.
  4. Мұғалімдердің авторлық бағдарламасын құрастырудағы іс-тәжірибесін зерттейді, жинақтайды, насихаттайды.
  5. Оқушылармен бейіндеу, кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырады; қабілеттерін зерделейді.
  6. Қолданбалы және таңдау курстарын жүргізетін мұғалімдер арасында тақырыптық семинарлар ұйымдастырады.
  7. Оқушыларды кіші ғылыми жарыстарға дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.
  8. Оқушыларды кіші ғылыми жарыстарға дайындау жұмыстарына жауапты.
  9. Оқушыларды олимпиада, байқауларға, жарыстарға дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.
  10.  «Өнер және технология» пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
  11.  ҰБТ-ға дайындық жұмысын қадағалайды.
Дариябеков Мейрамбек Сенгирбекович. Директордың құқықтық тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
  1. Бала өмірі қаіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қадағалайды.
  2. Мектепішлік құқықтық тәрбие жұмысына жауапты. Оқушылармен құқықтық ағарту, құқықтық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырады, бақылайды.
  3. Мектептің тәрбие жұмыс жүйесін басқаруға қатысады.
  4. Оқушылардың мектеп Жарғысын орындалуын қадағалайды (сабаққа қатысуы, тәртібі, мектеп формасы, жеке мәдениеті).
  5. Тәртіп сақтау рейдтері, кезекшілікті және сабақтан көп қалатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді
  6. Наркобекет жұмыстарын ұйымдастырады.
  7. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау жұмысына жауапты.
  8. Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, өткізуге қатысады, қадағалайды.
  9. Мемлекеттік нышандардың қолдану ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
10.Сынып жетекшілерімен семинар өткізеді (құқықтық тәрбиеге байланысты).
11.Діни экстремизмге еліктемеу шараларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын жүргізеді.
12.ИДН қызметкерлерімен бірлескен жұмысқа жауапты.
13. «АӘД, дене тәрбиесі» пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
Сыздықова Гүлзипа Тұрғанбайқызы. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
  1. Мектептің тәрбие жұмыс жүйесін басқарады.
  2. Бала өмірі қаіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қадағалайды.
  3. Оқушылар ұжымының шығармашылық жұмысын ұйымдастырады.
  4. Сынып жетекшілер кеңесі жұмысын басқарады, тәрбие жұмысын жүйелеуді қадағалайды.
  5. Ата-аналармен жұмыс жүйесін ұйымдастырады, басқарады.
  6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану тәртібінің орындалуына жауапты.
  7. Мұғалімдерді аттестаттауға қатысады.
  8. Оқу жоспарының оқушылар компонентіндегі сағаттардың жүргізілу сапасын бақылайды. Музыка пәнінің оқытылуын қадағалайды.
  9. Мектепішілік бақылау жүргізуге қатысады.
  10. Мектепаралық, мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмысын жүргізеді.
  11. Мектеп формасының сақталуын қадағалайды
  12. «Адам және қоғам» пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
Ташкеев Акан Тлеубекович.   Ұйымдастырушы педагог
  1. Мектеп оқушылар кеңесінің жұмысын басқарады.
  2. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады, басқарады.
  3. Оқушылардың арасында қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастырады.
  4. Оқушылардың мектептен тыс кездегі өз уақытын ұйымдастыруын зерделейді, мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмысын жүргізеді.
  5. Оқушылар арсында байқаулар, зияткерлік ойындар ұйымдастырады.
  6. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қатысады.
  7. Сабақта, сабақтан тыс уақытта бала өмір қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайды. Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады.
  8. Психологтармен және тәрбие орынбасарларымен бірлесе отырып, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы   мен қажеттілігін зерделейді.
  9. Спорттық іс-шаралардың жүргізілу тәртібін қадағалайды.
  10. Жалпыға бірдей міндетті оқу заңын орындау жұмыстары бойынша жауапты. (0-18 жас бойынша есебін жүргізу)
Бегаулова Айгуль Айткуловна. Токтыбаева Гулмира Борибековна. Мектептің педагог-психологтары
  1. Бала өмірі қауіпсіздігі мен денсаулығының, психологиялық, әлеуметтік амандығының сақталуын қамтамасыз етеді.
  2. Оқушылардың психологиялық даму, жеке мінез-құлық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді.
  3. Оқушылар отбасының әлеуметтік жағдайына педагогикалық зерделеу жүргізеді.
  4. Оқушылардың оқу дағдысын дамытуға ықпал ету жұмысын ұйымдастырады.
  5. Оқушылармен психологиялық түзету жұмысын жүргізеді.
  6. Ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес береді.
  7. Педагог кадрларды психологиялық –педагогикалық тұрғыда зерттеу жүргізеді, кеңес береді.
  8. Үйден оқытылатын оқушылармен және инклюзивті оқытуда түзету жұмысын жүргізеді, кеңес береді.
  9. Жағдайы төмен отбасы балалары мен қамқоршылықтағы балалардың тұрмысы, әлеуметтік, психологиялық жағдайларын зерделейді;түзету жұмыстарын жүргізеді.
  10. Дарындылықты дамытудағы және қабілеті төмен оқушылармен жұмыс ерекшеліктерін зерттеп, мұғалімдер, ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізеді.
Оспанова Куралай Мурашовна. Әлеуметтік педагог.
  1. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізеді.
  2. Қамқоршылықтағы жетім балалармен жұмысты ұйымдастырады.
  3. Қайырымдылық қорын ұйымдастырады.
  4. «Қамқоршылық» кеңес жұмысын ұйымдастырады.
  5. Жазғы демалыс кезеңдегі сауықтыру жұмыстары.
  6. Оқушылар отбасының әлеуметтік жағдайын білуде педагогикалық анализ жасайды.
  7. Қиын оқушыларды анықтау, отбасын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  8. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
  9. Оқушыларды мектепке тасымалдау жұмысын қадағалайды.
Тайжанов Куаныш. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
  1. Мектептің санитарлық нормаға сай жұмыс істеуіне жағдай жасауына (жарық, жылу, желдету) жауапты.
  2. Шаруашылық бөлім жұмысын басқарады, бақылайды.
  3. Мектепте еңбек, техника, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
  4. Мектептің ішкі және сыртқы тазалығына жауапты; мектеп ауласының көгалдандыруын ұйымдастырады.
  5. Мектеп ғимаратының ремонтқа дайындығын және өткізуін ұйымдастыру, мектеп инвентарын өз қалпында ұстауды бақылау.
  6. Электр жүйесінің, канклизацияның, жылу жүйесінің, өрт қауіпсіздігінің нормаға сай жұмыс істеуіне жауапты.
  7. Мектеп мүлкінің есебін жүргізеді.
  8. Мүліктердің сақталуына материалдық сақталуына жауапты.
  9. Кіші қызметкерлерінің айлық табелін жүргізеді.
10.Қызметкерлермен материалдық жауапкершілік туралы келісім жасайды.

Мектеп директоры Шакенова Камар Ералиқызы

Оқу ісінің меңгерушісі Какенова Бахыткуль Полатовна

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц14
  • За неделю2
  • Вчера0
  • Сегодня1
  • Онлайн:0

Полезные ссылки