Мектеп әкімшілігі мүшелерінің қызметтік міндеттері. Асанова Лаура Крыкбаевна. Мектеп директоры
Кадр мәселесін шешеді.
Мектептің оқу-тәрбие, шаруашылық жұмысын басқарады, бақылайды.
Тарификация құрады, табельдің дұрыс жүргізілуін қағалайды.
Педагогикалық кеңесті басқарады.
Оқушылардың оқу құралдарыменқамтамасыз етеді.
Кітапхана жұмысын бақылап, қадағалайды.
Мектептің жұмыс жоспарын жасайды.
Ата-аналар комитетімен жұмыс жүргізеді.
Жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуын қадағалайды.
Мектептің материалдық базасының сақталуын қадағалайды.
Статистикалық есептердің жүргізілуін қадағалайды.
Сейтказиев Жанат Турарович. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кадр мәселесін шешуге, орналастыруға қатысады.
Сабақ кестесін жасайды.
Мектептің ішкі еңбек тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мектепте адам өмірі қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайды.
Мұғалімдердің айлық жалақы табелін жазады.
Мектепішілік бақылауға қатысады.
Оқу-тәрбие үдерісінің жүргізілуін, оқу жоспарының орындалуын бақылайды.
Директордың орынбасары жанындағы кеңесті басқарады.
Оқушылардың білімін зерделееу, мониторинг жүргізуді басқарады.Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарды бақылайды.
Мектепішілік пән олимпиадаларын ұйымдастырады.
Сынып журналдарының жүргізілуін тексереді.
ОШ-1 есебін жүргізеді.
Мектеп қызметкерлерімен жыл басындағы нұсқаулықтар жүргізеді.
Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілі, орыс тілі, тарих, құқық пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
Оқушылар біліміне аралық, қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады.
Мектептің жылдық жоспарының жасалуы мен жылдық талдауға жауапты.
Сейтказиев Жанат Турарович. Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары
Мектептің әдістемелік жұмысын басқару және ұйымдастырады.
Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын басқару; пән бірлестік жұмысын қадағалау; мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Мұғалімдердің жаңа технологияларды іс тәжірибесіне енгізу барысын зерделейді, озық тәжірибені насихаттауды жүргізеді.
Мұғалімдерді аттестаттау жұмысына жауапты.
Оқу кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуына жауапты.
Жас мұғалімдер мектебінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Шығармашылық есеп беруді, ғылыми-теориялық конференцияларды, педагогикалық оқуларды, онкүндіктерді ұйымдастырады және басқарады.
Кәсіби конкурстарды өткізеді.
Мұғалімдердің кәсіби білімдерін көтеру (курс) жұмысын қадағалайды.
Мемлекеттік нышандардың қолдану ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
10.Сынып жетекшілерімен семинар өткізеді (құқықтық тәрбиеге байланысты). 11.Діни экстремизмге еліктемеу шараларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын жүргізеді. 12.ИДН қызметкерлерімен бірлескен жұмысқа жауапты. 13. «АӘД, дене тәрбиесі» пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді. Сыздықова Гүлзипа Тұрғанбайқызы. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары
Мектептің тәрбие жұмыс жүйесін басқарады.
Бала өмірі қаіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қадағалайды.
Оқушылар ұжымының шығармашылық жұмысын ұйымдастырады.
Сынып жетекшілер кеңесі жұмысын басқарады, тәрбие жұмысын жүйелеуді қадағалайды.
Ата-аналармен жұмыс жүйесін ұйымдастырады, басқарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану тәртібінің орындалуына жауапты.
Мұғалімдерді аттестаттауға қатысады.
Оқу жоспарының оқушылар компонентіндегі сағаттардың жүргізілу сапасын бақылайды. Музыка пәнінің оқытылуын қадағалайды.
Мектепішілік бақылау жүргізуге қатысады.
Мектепаралық, мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмысын жүргізеді.
Мектеп формасының сақталуын қадағалайды
«Адам және қоғам» пәндерінің оқытылу сапасын бақылайды, зерделейді.
Ташкеев Акан Тлеубекович. Ұйымдастырушы педагог
Мектеп оқушылар кеңесінің жұмысын басқарады.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады, басқарады.
Оқушылардың арасында қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастырады.
Оқушылардың мектептен тыс кездегі өз уақытын ұйымдастыруын зерделейді, мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмысын жүргізеді.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қатысады.
Сабақта, сабақтан тыс уақытта бала өмір қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайды. Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады.
Психологтармен және тәрбие орынбасарларымен бірлесе отырып, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді.