Мектепте мұғалімнің білім жетілдіру жұмысы жүйесін қалыптастыру
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
Қызметтік (Мақсаты,міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу.)
Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек…» — деп П.Ф.Каптеров айтқан еді.
Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.
Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 5 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.
5 саты
Бірінші саты – жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұғалім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы. Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндіктерін қолдана алмаушылық болады. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысы мектептен басталуы қажет.
Екінші саты – педагогикалық колледж. 12 жылдық білім жүйесінде 11-12 сыныпта оқитындар саны күрт азаюы мүмкін деген болжам бар. Бұл өмірдің шындығы. Оған “Келесі жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу талабы қиындатыла түседі” деген ақпараттардың да құбылыстың басталуын жақындата түседі. Оған жылдан жылға гуманитарлық бағытты таңдаушылардың азайуы да дәлел болады. Сондықтан – педагогикалық колледжді педагогикалық институттың бір құрылымы етіп қайта құру керек. Бұл арнаулы орта білімді бастауыш сынып мұғалімі мен жоғары білімді бакалавр мамандарының бірізді, біртұтастықта, сапалы даярлануларына жол ашар еді.
Үшінші саты – бакалавриат дайындайтын педагогикалық институт.
Басты мәселе 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасай отырып, үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде мектептегі педагогикалық практикаларды сапалы өткізудің жолдарын қарастыруды төртінші келелі мәселе қарап, институт пен мектептің құрылымдық интеграциясын жасау. Сонда педагогикалық процестегі нәтижелік арта түсер еді.
Төртінші саты – магистратура, докторантура. Пединститут түлегі – бакалавр екі жолды таңдай алады: бірі – орта білім беретін мектепке барып қызмет ету, екіншісі – магистратураға түсу . Атап айтқанда, педагогикалық кадр даярлауда білім беру жүйесінің әр саласы әр жаққа қарамай, олардың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан байланыста жұмыс жасауларын қамтамасыз ететін аймақтық педагогикалық кадр даярлаудың үздіксіз бағдарлама
Бесінші саты – педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру. Қазіргі заманғы біліктіліктің өзіне тән сипаты оның динамизмі болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деуге болмайды, ол жаңа технологиялардың дамуына орай үнемі жаңартылып отыруға тиіс.
Жоғарғы оқу орындары жаңа формация мұғалімдерін дайындауға енді ғана бағыт алып отыр.
Осыған байланысты мектеп жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеу әрбір мектеп басшыларының басты міндеті болмақ. Осы жауапты іздеу барысында мектепте педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы үлкен көмек болар еді.
Педагогтың жеке біліктілігін арттыру картасы. (Алмалы орта мектебі бойынша)
1-таблица
№ |
Әдіс және форма |
Мектеп ішілік |
Аудандық |
Облыс тық |
Респуб лика лық |
1 |
Сабақққа қатынасу |
70-80 % |
3 |
4 |
— |
2 |
Ашық сабақ өткізу |
80-90 % |
5 |
— |
— |
3 |
Әдістемелік жұмыстарға қатысу |
20/80 |
8 |
— |
— |
4 |
Семинарға қатысу, өткізу |
— |
13 |
|
|
5 |
Біліктілікті арттыру курсынан өту |
20 |
— |
25 |
15+5+9 |
6 |
Авторлық курстардан өту |
|
|
|
|
7 |
12 жылдық білім беру |
|
|
|
|
8 |
Ақпараттық технология (Компьютер курстары) |
|
2 |
3 |
|
9 |
Пәндік білім беру бойынша курстар |
— |
— |
6 |
|
10 |
Іс–тәжірибені тарату (жеке ұжыммен) |
2 |
2 |
7 |
2 |
11 |
Шығармашылық жұмысы жинаққа ендіру |
— |
1 |
7 |
10 |
12 |
Конференция, байқауларға қатысу |
5 |
5 |
40 |
50 |
13 |
Дидактикалық -әдістемелік құрал дайындау |
1 |
2 |
2 |
7 |
14 |
Басылымдарға мақала беру |
— |
2 |
7 |
9 |
15 |
Ғылыми–ізденіс жұмысын жүргізу |
|
1 |
2 |
15 |
Мектеп басшылығының мұғалім біліктілігін арттыру жұмыстарында оның өзіндік ізденіс жұмыстарына (рефлексиялық толғанысқа келтіруге) әсер етуде сауалнамалар алудың маңызы зор. Сауалнама нәтижесіне мониторинг жасау мектептегі мұғалімдер деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстардың болжауға, жоспарлауға әсері көп болады.
Педагог портреті №1
№ |
Менің мектебім және менің сапам |
Білмеймін |
Білемін |
Қолданамын |
I жоспарлау |
||||
1,1 |
Білім және Ғылым министрлігінің нұсқау бағдарламалары мен жұмыс жасаймын |
|
|
|
1,2 |
Мектептің жұмысы (проблема) мақсатты, жүйелі, нәтижелі |
|
|
|
1,3 |
Мектептің даму бағдарлама тұжырымдамасы, стратегиясы (2008–2011) жасалынған |
|
|
|
1,4 |
Мектептің нәтижесі (саны мен сапасы) |
|
|
|
II менеджменттік білім |
||||
2,1 |
Мектеп ұжымының жұмысы ғылыми–әдістемелік (бірыңғай) жүйеде атқарылады |
|
|
|
2,2 |
Мектеп педагогтарының үздіксіз біліктілігін арттыру жолдары қарастырылған |
|
|
|
2,3 |
Мектеп педагогтарының шығармашылық әлеуеті жоғары |
|
|
|
ІІІ. Корпоративтік сапа |
||||
3,1 |
Мектеп басшылығының тапсырмасына келісеміз |
|
|
|
3,2
3,3
3,4 |
Үнемі ізденіс, талдау, талпыну, даму сатысындамын Ұжыммен бірлесе, біріге, ынтымақтаса жұмыс жасау Жұмыс жасау (ойлау) қабілетім (жоғары, орташа, төмен) |
|
|
|
ІV. Техникалық құзырлылық |
||||
4,1 4,2
4,3
4,4 4,5 |
Компьютерді қолдана алу WORD, EXCEL, POWER POINT бағдарламаларымен жұмыс жасау Интернет және электрондық почтаны пайдалану Орыс, ағылшын тілдерін меңгеру Мектеп ішілік ақпараттық жүйемен жұмыс жасау |
|
|
|
V. Білім беру |
||||
5,1
5,2
5,3
|
Білім беру заңына басшылық жасау ҚР Білім беру тұжырымдамаларын игеру ҚР нормативтік құжаттамаларымен таныс болу |
|
|
|
VІ. Коммуникация |
||||
6,1 6,2 6,3 6,4
6,5
6,6 6,7 |
Іскер, тез тіл табыса алу Өз көзқарасын нақты, жүйелі жеткізе білу Конфликтіні шешу, конфликтіден шыға алу. Сабырлы, ұқыпты, жинақы, нақты жауапкершілікте болу Жұмыста (инициатива) көрсетемін Айналамдағыларға әсер ете аламын Кез–келген өзгеріске бейіммін. Өзімнің ерекше іс–әрекетім бар |
|
|
|
Лидер – ұстаз – тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары өз ісі – әрекетін жүйелікпен атқаруға қабілетті, өмірге деген көзқарасы терең өзіндік дарындылығымен, ой – ұшқырлығымен үндестік жасай білетін маман. Ерекшелігі: білім, білік, дағды, жылдамдық, әдіс, орамдылығы, ойлау, сыншылдығы, беріктілік пен тұрақтылық т.б.
Жаңашыл – ұстаз – өзінің кәсіби – шығармашылығын жүзеге асыру жолында шеберлікке ұмтылатын отандық және озат шетелдік тәжірибелерді өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білетін маман.
Мастер – класс – ұстаз – ол өзінің білімділік – біліктілік құндылығынмен ерекшеленетін жаңашыл, жаңалыққа жана құмар, өз тәжірибесімен әріптестермен бөлісе алатын маман.
Зерттеуші – ұстаз – жаңалық енгізуші, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола отырып, эксперимент жасайды, зерттеу жүргізеді; авторлық бағдарламалар жасап, оқыту мен тәрбиенің үйлесімділік технологиясын ойлап таба алатын, оқулық жазатын маман.
Мастер – ұстаз –оқытудың жаңа ақпаратты технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба таңдай алатын, сараптай білетін өз ісінің шебер маманы. Жаңа формациядағы – ұстаз – ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби – құзырлылық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман.
Осыған орай мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай топтарға бөліп қарау артық емес:
Бірінші, бірқатар мұғалімдердің бірер пәнді оқытуды жақсы меңгеріп, сабақта ұтымды әдістер арқылы елеулі нәтижеге қолы жетіп жүрсе, бірқатары барлық пәндерден солай. Осылардың қайсысы да өз жұмысына сын көзбен қарап, оқығанын, білгенін, көргенін творчестволықпен дамыта, оқушы білімінің деңгейіне, даму дәрежесіне қарай жетілдіре қолданады.
Екінші, бір топ мұғалімдерге басыпасөзде жарияланып, баспалардан шығып жататын методикалық еңбектерді саралап, өз лабораториясында қорытып – қолдану белсенділігі жетіспейді олардың біразына жаңалыққа тосырқай қараушылық, кейде жете мән бермеушілік психологиясы тән.
Үшіншіден, мұғалімдердің енді бір тобы өздерінің жұмыстарына теориялық жағынан да, методикалық жағынан да талдау жасай білмегендіктен, өзінің де, өзгенің де творчестволық өсу деңгейін мөлшерлей алмайды. Мұғалімнің өз ізденісі, толғанысы, іштей ширығуы болмаған соң, бойдағы беленділік келіп, тың пікір тумайды.
Мектебіміздегі әртүрлі сауалнамалар нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстар нәтижесі, т. б қарай отырып Уйльям Артур Юрттың төмендегі сөзі бойынша топтарға бөлдім.
№ |
Мұғалім топтары |
пайызы |
1 |
Орташа мұғалім баяндайды |
56 |
2 |
Жақсы мұғалім түсіндіреді |
26,1 |
3 |
Тәжірибелі мұғалім көрсетеді |
15,8 |
4 |
Ұлы мұғалім шабыттандырады. |
4,6 |
Осыған орай мұғалімнің шығармашылығын дамыту үрдісін төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады. Өйткені мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту және жаңа формация мұғалімін жасау ұзақ кезеңдерді , яғни төмендегідей кезеңдерді қамтиды.
№ |
Кезеңдер |
Анықтама |
Боэций |
1 |
Диогностикалық |
Бастапқы деңгейді анықтау.Өзін-өзі анықтау. Қажеттілікті сезіну |
Еліктеу |
2 |
Мотивациялық |
Идеялар мен пікірлерін ортаға салу.Қозғалыс. Басшылықтың белсенді әрекетке ынталандыруы |
Тәжірибе
|
3 |
Жаңа көзқарастар қалыптастыру кезеңі |
Жаңалықты қолдану |
|
4 |
Жаңа тәжірибе меңгеру кезеңі. |
Жаңаша әрекет. Шығармашылық ойлар. |
Ойлау |
Мектеп мұғалімінің пәндік-теориялық және әдіснамалық білім негіздері жоғарғы оқу орнында қалыптасады, ал, әдістемелік және технологиялық білім-біліктері, көбінесе, педагогикалық тәжірибеде қалыптасады, сондықтан, бұл мәселені мектептің менеджменттік саясатымен айналысатын қызметкерлер көңілден тыс қалдырмауы керек. Г.Галилей : «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»- дегендей басшылық мұғалімге осы бағытта жұмыс істегенде ғана, мұғалім ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады.